Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы шартқа қол қою туралы

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы шартқа қол қою туралы 

2018 жылдың қарашасы                                                                    Астана қ. 

Елордалық әкімдікте «Астана қаласының ақылы көлік тұрағы кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы бойынша  «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» ММ мен «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) туралы ортақ шартқа қол қойылды. Айта кеткен жөн, бұл елорданың көліктік инфрақұрылымын дамыту Стратегиясы аясында Астананың көлік кеңістігін басқаруға автоматтандыру жүйесін енгізудегі алғашқы жоба.

Мемлекеттік орган мен жеке серіктес арасындағы серіктестік елордада бірыңғай көлік тұрағы кеңістігін  құру мен  ұйымдастыруды қарастырады. Келесі кезеңде 2019 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам ақылы көлік орны пайдалануға  беріледі.

– Жобаның бірегейлігі – біз ақылы тұрақ нарығын қалыптастырудамыз. Қазір мемлекеттік серіктеспен бірлесе, ақылы тұраққа бөлінген жер учаскелерін рәсімдеумен айналысып жатырмыз. Айта кететін жайт, алғашқы тұрақтарды іске қосқалы тек 10 айдан кейін ғана төлемдердің 22% көрсеткішіне қол жеткіздік.  Пайда туралы айтпаса да болады. Келесі кезеңді жүзеге асыруға инвестор өз қаржысын құятын болады, – деп атап өтті «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС директоры Ардақ Тұрғанқұлов.

Ақылы тұрақтарды іске қосудың келесі кезеңі сол жағалауда – Қонаев, Достық көшелері, оң жағалауда – Кенесары, Бейбітшілік, Сейфуллин, Желтоқсан, Жеңіс көшелерінде жүзеге асырылады. А.Тұрғанқұловтың айтуынша, тұрақ аймақтарын ұйымдастырып, жол белгілері мен ақпараттық тақталарды орналастыруға белгілі уақыт кетеді. Сондай-ақ жеке инвестор өкілі қала тұрғындарын жол белгілері мен жаңа ақпараттық тақталарға мұқият болуға шақырады.  «Біз міндетті түрде бір ай бұрын көлік иелерін хабардар етеміз. Ақылы тұрақ болатын жерлерге алдын ала бұл жердің ақылы болатыны жайлы ескертетін ақпараттық тақталар ілінеді, – деп А.Тұрғанқұлов жоспарымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық режимдегі жоба 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап Нұрлыжол желекжолында іске қосылды. Әкімшілік орталықта 487 аймақтың 24-і сертификатталған арнайы жабдықтармен – паркомат, жол белгілері, ақпараттық тақта және таңбалармен жабдықталып, ақылы болды.

Астанадағы жол-көлік торабының алғашқы ақылы коммуналдық тұрақ қызметін өткен 9 айда 500 мыңнан астам жүргізуші пайдаланған, дей тұрғанмен, тұрақ қызметі төлемінің 94 мың ғана дерегі тіркелген. Тұрақ ережелерін бұзған 23 мың көлік жүргізушісі айыппұл қағаздарын алды.

Анықтама үшін:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқамен» марапатталған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстандағы және басқа да жауынгерлік әрекеттер ардагерлері мен мүгедектеріне тіркелген автокөліктер әкімдік бекіткен Ақылы тұрақтарды пайдалану ережесіне сәйкес, ақылы тұрақтарды тегін пайдалану құқығына ие. Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған азаматтар жеңілдікке ие болу  құқықтарын тіркеу үшін жұмыс күндері сағ. 08:00-ден 20:00-ге дейін  Шарль де Голль көшесі, 1а мекенжайы бойынша келуі қажет.  Қажет құжаттар тізімі 2888.kz сайтында көрсетілген. Сұрақтар бойынша жұмыс күндері 8 800 080 2888 тегін телефонына хабарласа аласыздар.1005n1006nP80416-164508P80416-164908

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

May 4, 2019
15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қабанбай және Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады
May 4, 2019
Б. Майлин көшесінің бір бөлігіндегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
April 9, 2019
№ 28 көше жол салуға байланысты жабылады
April 2, 2019
Биыл астанада қандай көшелердің жөнделетіні белгілі болды
January 17, 2019
Республика даңғылы мен Жангелді көшесінің қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
November 29, 2018
Главный приоритет работы акимата – это обеспечение для всех жителей Астаны, независимо от района и улицы, комфортных, доступных и безопасных условий для жизни, работы и отдыха.
November 12, 2018
Астанада бір жақты қозғалысқа арналған жаңа жол бөліктері пайда болады


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр