Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру 

  1. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақрылымын дамыту басқармасы» ММ, 2018 жылдың 23 қазанда сағат 15.00-де, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі 11, 544 кабинетінде өтетін жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа төмендегі бағдарлар шығарылады:

№ 1 лот № 120 бағдар;

Қайта өткізіледі:

№ 2 лот № 5 бағдар; № 3 лот № 59 бағдарлар.

Қажетті автобустардың саны (міндетті түрде резервтермен):

№ 1 лот бойынша – 12 бірл.; № 2 лот бойынша – 16 бірл.; № 3 лот бойынша – 3 бірл.

Конкурсқа меншікті немесе жалға беру құқығына ие автокөлік құралдары (автобустар) бар, кез келген заңды және жеке тұлғалар, меншік формасына қарамастан қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу туралы жазбаша өтініш тапсырып, конкурс құжаттарының пакетін ақысыз алуы тиіс. Қатысушылар конкурс құжаттарымен белгіленген уақыт аралығында танысып, қажетті деген формаларын толтырып және конкурс комиссиясының хатшысына 2018 жылғы 16 қазан, сағат 15.00-ге дейін тапсыру тиіс.

Белгіленген уақыттан кешігіп түскен құжаттар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Кәсіпорын орналасқан (қоныс аударған) жердегі жылжымалы құрам, сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жылжымалы құрамды жөндеуге арналған өндірістік-техникалық, диспетчерлік және медициналық пункттер конкурс өткізілгенге дейін конкурс алдындағы комиссиямен барып тексеріледі.

Конкурс жеңімпазымен Астана қаласының жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік тасымалдауға қызмет көрсету құқығына 5 жыл мерзімге келісім шарт жасалады.

2018 жылғы 27 қыркүйекте сағат 10.00 конкурс комиссиясы Бейбітшілік к-сі, 11, 547 кабинет мекен-жайында конкурс алдында қатысушылардың конкурс өткізуге қатысты барлық сұрақтарына жауап беруге конференция өткiзедi.

Конкурс құжаттарының пакетін, маршруттардың негізгі сипаттамаларын және конкурс өткізудің тәртібі мен шарттары бойынша қажетті анықтамаларды Бейбітшілік к-сі, 11, 544 кабинет мекен-жайында конкурс комиссиясының хатшысынан алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефон: 55-14-80.

 

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

August 2, 2019
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамыз айының 3-нен 11-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.
July 25, 2019
Нұр-Сұлтанда № 18, 28, 52, 54 маршруттар қозғалысының схемасы уақытша өзгертіледі.
July 18, 2019
Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласының ПБ
July 17, 2019
Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласының ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп
July 17, 2019
«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы»
July 16, 2019
Жөндеу жұмыстарына байланысты Республика даңғылының бойындағы жол учаскесі шектеледі.
July 16, 2019
Астана LRT кейбір маршруттардың қозғалыс схемаларының өзгеруін ескертеді


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр