Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Осы жылы қаланың шеткі аймақтарында 70-тен астам көше жөндеуден өтеді

Жол сапасы әрқашан қатаң бақылауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әкімшілік қаланың шеткері аймақтарындағы көшелерді де асфальттауды жоспарлап отыр. Осы жылы қаламызда 91 көше жөндеуден өтеді, оның 70-тен астамы қаланың шеткері аймақтарындағы көшелер. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифинг барысында Астана әкімі Ә.Исекешев айтты.

«Осы жылы 91 көшеде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүреді. Оның 70-тен астамы қаланың шеткері аймақтарындағы көшелер. Біздің алға қойған мақсатымыз 2 жылда қаланың шеткері аймақтарындағы көшелерді толығымен асфальттау және келер жылы оларға газ жүргізіледі, ал жарықтандыру мен аялдамалар орнату биыл жүреді. Сонымен қатар, біз сол аймақтарда саябақ пен қоғамдық спорт орталықтарын салудың жобасын жүзеге асыруды бастадық», – деді Ә.Исекешев.

Қазіргі күнде Астанада жол салу мен жөндеу саласында жаңа технологиялар мен материалдар қолданылуда, ол жолдардың сапасы артады деген сөз.

«Жолдардың сапасы әрқашан басты бақылауда. Қазір жолдардың сапасын тексеретін зертхана ашылған. Екіншіден осы күні біз жол құрылысына шетелдік мамандарды тартып жатырмыз. Оның бірнеше себебі бар, әрине,  кей көшелерде тапсырыс алушы өз жұмысын дұрыс жасамаған немесе сапасыз битум қолданып, технологияны сақтамайды. Мысалы, жол жабындысын төсеу үшін кем дегенде 3 тәуліктік бойы ауа температура +15-тен төмен болмауы тиіс. Біздің аймақтың ауа райын өздеріңіз білесіздер, сол себепті кей кездерде біздің тапсырыс алушыларда осындай мәселелер шығып жатады. Уақтылы нормативтік жөндеу жүргізілмеген жолдар бар. Мысалы, Ш. Уәлиханов көшесі кеңес үкіметі кезінде салынған, ол көше тәулігіне 30 мың көлік жүруге арналған, бірақ 100 мың көлік жүріп жатыр. 30 мың көлік жүрген кезде әр 5 жыл сайын жөндеуден өтуі тиіс еді, ол міне 7 жыл жөндеуден өтпеген. Неге? Бұл бюджеттік қаржыландыруға байланысты. Қала қарқынды өсуде, жол мәселесін бір мезетте шешуге 1 трлн теңге қаржы керек. Әрине, біз жолдардың қалыпты деңгейін қамтамасыз етуге және жөндеуді қажет ететін көшелерге басымдық береміз.

Осы жылы жол жөндеу жұмыстары күн райының жылымауына байланысты кеш басталды, бірақ 2-3 аптада басты жол жөндеу жұмыстары аяқталады деген ойдамын. Біз қазір жаңа технологиялар мен жаңа материалдарды қолданып жатырмыз, олар жолды барынша сапалы, төзімді және арзан төсеуге сеп болады. Өткен жылы біз 5 учаскеде жұмыс жүргіздік. Меніңше, таяу жылдары жолдардың сапасы біршама жақсарады», – деді Ә. Исекешев.

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

October 12, 2018
Елордалық көлік басқармасы кезінде өз кәсіпорны үшін ерінбей еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетті
October 2, 2018
Улицу Тархана частично перекроют до 4 октября
September 28, 2018
28-30 қыркүйек аралығында Қабанбай көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
September 27, 2018
Движение по улице Айтматова будет частично ограничено до 10 октября
September 27, 2018
Участок по улице Космонавтов перекроют на три дня
September 24, 2018
Иманбаева көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
September 20, 2018
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр