Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Елордада биыл пайда болатын жаңа көшелер белгілі болды

Биыл қаламызда 20,8 шақырым құрайтын 22 көше құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының әкімдігі тұрақты негізде жол желілерін дамыту мен өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Қаламызда жыл сайын көлік ағыны үнемі өсіп келеді. Күн сайын қала көшелеріне 500-ден астам көлік шығады.

Елордада көлік ағыны жылдамдығын арттыру мақсатында жыл сайын жаңа көшелер құрылысы мен автотұрақтар құрылысы жүргізілуде.

Өткен жылы қаламызда 12 жаңа жол салынып, бұрыннан бар 157 көше жөндеуден өтті, оң жаққа бұрылуға арналған 37 жол жасалды. Ақылы автотұрақтың бірінші кезеңі жүзеге асты. «Ақылды бағдаршам» және ITS жүйесімен 93 жол қиылысы қамтылды. Қашықтығы 75 шақырымды құрайтын қоғамдық көлікке арналған арнайы жол белгіленді. Автобустар паркі 70% жаңартылды.

Елордада жыл сайын көктемде жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпаратына сай, биыл да қаламызда 20,8 шақырым құрайтын 22 көше құрылысы жоспарланған. Назарларыңызға құрылысы жүретін көшелердің тізімін ұсынамыз.

1. Ш. Бейсекова көшесі бойымен Сығанақ көшесінен бастап № 27 дейін;

2. Сарайшық көшесінде Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейін;

3. № 26 көшесі бойында Тұран даңғылынан Жиделі көшесіне дейін (№ 37);

4. № 24 көшесі бойында Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін;

5. № А 82 көшесі бойында № А 91 көшесінен Ш. Қалдаяқов дейін;

6. «Bi Village» ауданындағы № 37 көше;

7. «Bi Village» ауданындағы № 38 көше;

8. «Bi Village» ауданындағы № 28 көше;

9. 2-ші Алматы көшесі бойы Н. Тілендиев даңғылынан Ш. Бейсекова көшесіне дейін.

10. Түркістан көшесі бойы Керей-Жәнібек хандар көшесінен № 27 көшеге дейін.

11. Ақниет көшесі;

Үш шаршыдағы көшелер құрылысы

12. Е 13 көшесі бойында Ш.Бейсекова көшесінен Е 29 көшесіне дейін;

13. Е 27 көшесі бойында Е 10 көшесінен Е 11 көшесіне дейін;

14. Е 25 көшесі бойында Е 10 көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін;

15. Е 11 көшесі бойында Е 29 көшесінен Е 30 көшесіне дейін;

16. Е 33 көшесі учаскесінде Е 10 көшесінен Е 15 көшесіне дейін;

17. Е 34 көшесі бойында Е 10 көшесінен Е 15 көшесіне дейін.

18. Е 12 көшесі бойында Е 32 көшесінен Е 35 көшесіне дейін;

19. Е 32 көшесі бойында Е 10 көшесінен Е 12 көшесіне дейін;

20. Е 37 көшесі бойында Е 16 көшесінен Е 12 көшесіне дейін.

21. Е 28 көшесі бойында Е 16 көшесінен Е 17 көшесіне дейін;

22. Е 41 көшесі бойында Е 16 көшесінен Е 17 көшесіне дейін.

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

September 20, 2018
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру
September 18, 2018
На участках улиц № 26 и Жангельдина работы будут вестись в круглосуточном режиме
September 13, 2018
Пушкин көшесіндегі қозғалыс жартылай жабылады
September 7, 2018
Пушкин көшесі ішінара жабылады
September 6, 2018
Тұран даңғылындағы қозғалысқа 25 қыркүйекке дейін жартылай шектеу енгізіледі
August 29, 2018
Сағат 20.00-де Мәңгілік ел даңғылына қарай кететін М-1 көпірінің оң жақ бұрылысы жабылады
August 27, 2018
Күмісбеков пен Бейсекова көшелерінің аралығында аппаттық кәріз желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр