Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Астана каласының Автомобиль
жолдары басқармасы» ММ

«Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 548 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-67-31, 8 (7172) 55-67-49, факс 8 (7172) 55-72-98 a.shynybaeva@astana.kz) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдар арасындағы ішкі конкурс жариялайды

«Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 548 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-67-31, 8 (7172) 55-67-49, факс 8 (7172) 55-72-98 a.shynybaeva@astana.kz)  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдар арасындағы ішкі конкурс жариялайды

«Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары (D-О-2 санаты, 1 бірлік, № 02-2). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 163 233 – теңгеден 220 697 – теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Нормативтік актілерді, бұйрықтарды, шешімдер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындау бойынша басқару жұмысын ұйымдастыру. Басқарма қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруды ұйымдастыру. Құқықтық мәселелерді қарастыруда сотта және басқа органдарда Басқарманың мүддесін ұсыну. Аяқталған құрылыс объектісін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды пайдалануға беру және қабылдау бойынша жұмыс комиссияларына қатысу. Сонымен бірге, аталған объектіні коммуналдық меншікке беру. Жетекшілік ететін бөлімдердің, оның ішінде іс-жүргізу жұмыстарына басшылық ету және бақылауды ісе асыру. Материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық және насаналы пайдалануын бақылау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Техникалық ғылымдар және технологиялар, қызмет көрсету салаларындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған  қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі үш жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  есептеледі  де «Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» ММ қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» ММ, Бейбітшілік к-сі 11, 5 қабат, 548 каб. өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

______________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені__________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

___________________________________________________________________

 

 

 

 

 

________                                               _______________________________
(қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

July 17, 2018
Столичные власти просят горожан с пониманием отнестись к ремонтным работам на дорогах
July 16, 2018
Разъяснительная информация по внедрению обязательного медицинского страхования на 2018 год
July 15, 2018
15-ші шілдеден Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі
July 4, 2018
Қайнар көшесі мен Тілендиев даңғылы жабық болады
July 2, 2018
Сарайшық көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында қозғалысқа шектеу енгізіледі
June 15, 2018
Бұқар жырау көшесі 20 маусымға дейін қозғалыс үшін жабық болады
June 13, 2018
Желтоқсан көшесі бойынша қозғалыс 1 шілдеге дейін ішінара жабылады