Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Астана каласының Автомобиль
жолдары басқармасы» ММ

Астанада 104 көше жөндеуден өтті

Биыл ұзақтығы 64,2 км құрайтын 104 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы мәслихат отырысында Автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Осы жылы Астана қаласының шет маңайын дамыту барысында Комсомольская тұрғын алабы – 4-ші кезек жобасы бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Дәл осы ауданда Комсомольский жобасы бойынша, 2-ші, 3-ші кезектің жұмыстары жалғасуда.

«Юго-Восток тұрғын алабында жұмыстар жүргізілуде, ал Көктал-2 тұрғын алабының оң жағында жұмыстар 90% аяқталып, 5,5 км жол мен тұрмыстық және нөсер суының кәріз жүйесі, су құбыры іске қосылды. Аталған тұрғын алаптарындағы құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарланды», – дейді А.Қарағойшин.

Ал «Интернациональный, Мичурино тұрғын алаптарының сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы» жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

«Жобада тұрмыстық кәріз жүйесі мен су құбырларының құрылысы қарастырылған. Аталмыш желінің құрылысын келесі жылы жалғастыру жоспарлануда», – деп түйіндеді А.Қарағойшин.

Кез келген материалды Астана қаласының.

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

November 30, 2017
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
November 2, 2017
Елордада 11 көшенің құрылысы аяқталды
November 2, 2017
Астанада 104 көше жөндеуден өтті
October 17, 2017
Астана жолдарындағы химия немесе елордалық трассалардың сапасын жақсартудың жолдары
October 11, 2017
Елордада 2017 жылы 105 көшеде жөндеу жұмыстары жүрген
October 9, 2017
Малахов көшесіндегі қозғалыс 16 қазанға дейін жабық болады
September 22, 2017
Үстіміздегі жылы Астанада 11 көше салынды