Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Астана каласының Автомобиль
жолдары басқармасы» ММ

Елордада 11 көшенің құрылысы аяқталды

Астанада ұзындығы 23,4 шақырым болатын 11 көшенің құрылысы аяқталды. Бұл туралы маслихаттың отырысы барысында автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин мәлімдеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Мемлекет бюджетінен бөлінген қаражатқа бүгінге дейін ұзынғдығы 23,4 шақырым болатын 11 көшенің құрылысы аяқталды. 2014 жылы жолдардың – 10,2 шақырымы, 2015 жылы – 10,5 шақырымы салынған болатын», – деп мәлімдеді А.Қарағойшин.

Биыл Шағын айналма жолдың құрылысы аясында Абылай хан даңғылы мен Р. Қошқарбаев көшесінің қиылысында жол айырығын салу жұмыстарының 90% орындалған.

«Мұнымен қоса, жолдардың жүктілігін төмендету мақсатында ағымдағы жылы автомобильдерге арналған екі көпірдің құрылыс жұмыстары басталып, әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатқан аудандарда да тағы 19 көшенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр», – деді А.Қарағойшин.

Шағын айналма жолдың құрылысы аясында Орынбор көшесінен (бұрын Сығанақ) Ұлы Дала даңғылына (бұрын Хусейн бен Талал) дейінгі аралықта жатқан Ш. Бейсекова көшесінің құрылысы жалғасып жатыр. Оның ұзындығы 3 шақырымды құрайды.

Ағымдағы жылы Хусейн бен Талал көшесінде екі көпірдің құрылысы басталып кетті. Үлкен көпір Есіл өзені арқылы, екінші көпір «Нұра-Есіл» арнасы арқылы өтеді. Көпірлердің құрылысы 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

«Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің аралығында жатқан Ұлы Дала даңғылының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Келесі жылы № 46 және № 31 көшелердің арасында орналасқан Тәуелсіздік даңғылының құрылысы басталатын болады. Бұл өз кезегінде тәулігіне 10 мың автомобильдің жаңа әкімшілік орталықты артта қалдырып, Мәңгілік ел даңғылы арқылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіне өтуіне мүмкіндік береді»,- деп түйіндеді А.Қарағойшин.

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

July 17, 2018
Столичные власти просят горожан с пониманием отнестись к ремонтным работам на дорогах
July 16, 2018
Разъяснительная информация по внедрению обязательного медицинского страхования на 2018 год
July 15, 2018
15-ші шілдеден Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі
July 4, 2018
Қайнар көшесі мен Тілендиев даңғылы жабық болады
July 2, 2018
Сарайшық көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында қозғалысқа шектеу енгізіледі
June 15, 2018
Бұқар жырау көшесі 20 маусымға дейін қозғалыс үшін жабық болады
June 13, 2018
Желтоқсан көшесі бойынша қозғалыс 1 шілдеге дейін ішінара жабылады