Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Үстіміздегі жылы Астанада 11 көше салынды

Елорда аумағында құрылыс, көлік жолдарын жөндеу және жобалау, жол инфрақұрылымы бойынша жүргізілген жұмыстардың қортындысы туралы Астана қаласы көлік жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин айтып берді.

Баяндамашының сөзінше, осы жылы қашықтығы 23,4 шақырымды құрайтын, құрамында 87,5 шықырым инженерлік желілер бар 11 көше салынды.

бүгінгі күні Қ.Аманжолов көшесінен бастап «Нұрлы жол» (А62 көшесі) теміржол вокзалына дейінгі А. Байтұрсынов көшесі бойынша, Қ. Аманжолов көшесінен бастап жаңа «Нұрлы жол» (А62 көшесі) теміржол вокзалына дейінгі Ж. Нәжімеденов көшесі, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағындағы А62 көшесі бойынша, Қабанбай батыр даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаскедегі № 24 көшесі бойынша, Орынбор көшесінен бастап Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан және Ақмешіт көшелері бойынша, Керей Жәнібек хандары көшесінен бастап № 24 көшесіне дейінгі және №26 көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Ақмешіт көшесі бойынша, Қабанбай батыр даңғылынан бастап, Мәңгілік ел даңғылына дейінгі № 26 көшесі бойынша, Қабанбай батыр даңғылынан бастап, «Нұра- Есіл» арнасына дейінгі учаскедегі №31 көшесі бойынша өтпе жолдары ашылды және өтпе жол № 31 көшесінен бастап Өрт сөндіру депосына дейінгі № 357, 496, 498 көшелері бойынша ашылды.

Мәңгілік Ел даңғылы және №31 көшелері қиылысындағы аумақта 1500 көлік коюға арналған 35 000 ш.м ауданда автотұрақ орналастыру бойынша жұмыстар аяқталды.

– Ұзындығы 64,2 шақырым болатын 104 көшеде, соның ішінде орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары шеңберінде ұзындығы 33,2 ш.м болатын36 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ұзындығы 10,1 ш.м болатын 14 көше, «Скриптон» технологиясын қолдану арқылы ұзындығы 20,9 ш.м болатын 54 көше жөнделді, – дейді Асхат Қарағойшин.

Кіші айналма жолды салу шеңберінде 2008 жылдан бастап, 35 шақырым жолдан 28 шақырым жол салынды, ағымдағы жылдыңқазан айының соңына дейін Тұран даңғылынан бастап, Ш. Бейсекова көшесіне дейінгі учаскедегі Сарайшық көшесі бойынша өтпе жол ашылатын болады, бұл Сарайшық көшесінен бастап, Кенесары көшесіне дейінгі Тұран даңғылының учаскесіндегі қозғалысты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Абылай хан даңғылы және Р. Қошқарбаев көшесі қиылысындағы көлік жол айырғысының құрылысы аяқталатын болады.

Сондай-ақ, Кіші айналма жол шеңберінде ұзындығы 3 шақырым болатын, Орынбор көшесінен бастап (бұрын Сығанақ к-сі) Ұлы Дала даңғылына дейінгі (бұрын Хусейн бен Талал к-сі) Ш. Бейсекова көшесін салу жұмыстары жалғасады. Ш. Бейсекова көшесінен бастап, Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылының құрылысы басталатын болады. Аталған шара Тұран және Қабанбай батыр даңғылындағы көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Ш. Қалдаяқова көшесіне дейінгі учаскедегі Ұлы Дала даңғылының құрылысы, келесі жылдан бастап №46 көшесінен бастап №31 көшесіне дейінгі учаскедегі Тәуелсіздік даңғылының құрылысы басталатын болады. Бұл 10 000 автокөліктерге жаңа әкімшілік орталықтан өтпей Мәңгілік Ел даңғылы бойынша қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіне баруға мүмкіндік береді.

Қаланың әлеуметтік нысандарын инженерлік желілер және кірме жолдармен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше көшелер құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда, соның ішінде: С. Сейфуллин және Н. Тілендиев көшесі аумағында Алматылық-2 көшесінің, Ш. Бейсекова көшесінен бастап Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейінгі С. Сейфуллин көшесінің құрылысы жалғасуда. Р. Қошқарбайев көшесі аумағында М. Жұмабаев, Баянтау көшелерінің құрылысы жалғасуда.

Сығанақ көшесінің оңтүстігіне қарай аумақта мектептерге, бала-бақшалар және тұрғын үйлерге жол бойы инженерлік желілерін қамтамасыз ету үшін орамішілік көшелердің құрылысы жүргізілуде.

2008 жылы қала маңын дамыту Концепциясы қабылданған болатын. Барлығы 20 тұрғын алабы қамтылды. Жүзеге асыру бағдарламасы 2020 жылға дейін есептелінген, оның шеңберінде соммасы шамамен 77,5 млрд. теңгеболатын 232,38 шақырым жол және 900,9 шақырым инженерлік желілерді салу жоспарлануда.

Күйгенжар, Казақауыл, Пригородный, Қазгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алабындағы жұмыстар толығымен аяқталды.

Ағымдағы жылы қаланың тұрғын алабындағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде Комсомольский 4-кезек тұрғын алабындағы (ұзындығы 1,8 шақырым болатын, 2 көше) жоба бойыншажұмыстар толығымен аяқталатын болады, Комсомольский 2,3 кезек тұрғын алабындағы жоба бойынша жұмыстар жалғасуда, Интернациональный, Мичурино тұрғын алабындағы су құбыры және кәріз желелерінің инженерлік желілерін тарту құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Онтүстік-Шығыс тұрғын алабының оң жағында жұмыстар жүргізілуде, Көктал-2 тұрғын алабындағы жұмыстар 90% аяқталатын болады және су құбырлары, тұрмыстық пен нөсер кәріз жүйесінің желілері қосылады, 5,5 шақырым жол. Аталған тұрғын алабтардағы құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

September 20, 2018
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру
September 18, 2018
На участках улиц № 26 и Жангельдина работы будут вестись в круглосуточном режиме
September 13, 2018
Пушкин көшесіндегі қозғалыс жартылай жабылады
September 7, 2018
Пушкин көшесі ішінара жабылады
September 6, 2018
Тұран даңғылындағы қозғалысқа 25 қыркүйекке дейін жартылай шектеу енгізіледі
August 29, 2018
Сағат 20.00-де Мәңгілік ел даңғылына қарай кететін М-1 көпірінің оң жақ бұрылысы жабылады
August 27, 2018
Күмісбеков пен Бейсекова көшелерінің аралығында аппаттық кәріз желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр