Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Астана қаласының көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-1 тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Астана қаласының көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2.  «Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

4.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі  Ә. Исекешев

 

Скачать приложение

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

July 16, 2019
Жөндеу жұмыстарына байланысты Республика даңғылының бойындағы жол учаскесі шектеледі.
July 16, 2019
Астана LRT кейбір маршруттардың қозғалыс схемаларының өзгеруін ескертеді
July 15, 2019
Жақсының үлгісі – жанып тұрған шамдай..
June 4, 2019
Алматы көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
June 3, 2019
Елордада М. Дулатов көшесінде қозғалыс шектеледі
May 4, 2019
15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қабанбай және Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады
May 4, 2019
Б. Майлин көшесінің бір бөлігіндегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр