«Нұр-Сұлтан қаласының
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын
дамыту басқармасы» ММ
Ресми сайты

Ереже

“Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” мемлекеттік мекемесі туралы ереже Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысымен бекітілген.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
4-қосымша

Астана қаласының Көлік және жолкөлік  инфрақұрылымын дамыту басқармасы”  мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  2. “Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Басқарманың ведомстволары жоқ.
  4. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  7. Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  8. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  10. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, “Сарыарқа” ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
  11. Мемлекеттік органның толық атауы: “Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” мемлекеттік мекемесі.
  12. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  13. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  14. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  15. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  16. Басқарманың миссиясы: жолаушылар тасымалын, көлік инфрақұрылымын дамыту, реттеу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
  17. Басқарманың міндеттері:

1) автомобиль және басқа көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) жол қызметінің және қалалық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіру;

3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

4) Астана қаласында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

5) бжергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;

2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;

3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;

4) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастыру;

5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу;

6) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

7) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi тәсімін және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

8) жолаушыларды қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

10) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

11) әуежайларда, вокзалдарда, сауда үйлері мен базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктерінде), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз ету;

12) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыру;

13) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының тәсімі мен тәртібін айқындау;

14) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру;

15) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлеу;

16) Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлеу;

17) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

18) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

19) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

20) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлеу;

21) астана көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;

22) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

23) қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөлімінің болуын қамтамасыз ету;

24) зияткерлік көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге маманданушы ұйымды құру;

25) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

26) мыналар:

1) қоғамдық көлікті дамытуды және жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып, елді мекендердің бас жоспарының іс-шараларын әзірлеу, қабылдау және орындау;

2) қаланың жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу;

3) жол жүрісін ақпараттық қамтамасыз ету арқылы көліктік жүктемені азайту жөнінде шаралар қолдану;

27) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жою;

28) қала маңындағы теміржол жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;

29) төтенше жағдайлар туындаған кезде теміржол тасымалын уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

30) әлеуметтік мәні бар қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;

31) қала маңындағы қатынастарды айқындау;

32) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

33) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;

34) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Астана қаласы әкімдігінің және әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

35) Қазақстан Республикасының Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;

36) Астана қаласының көшелері мен автомобиль жолдарының желісін басқару;

37) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

38) жол-көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асыру;

39) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

40) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттерi:

1) Басқарма қызметімен аралас мәселелер бойынша орталық және жергілікті органдар әзірлеген Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік актілерінің жобалары жөнінде ұсыныстар енгізу;

2) Астана қаласының басқа атқарушы органдары дайындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісуді жүзеге асыру;

3) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан құзыреті шегінде ақпарат сұрату;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел басқарудағы мүлікке ие болу, пайдалану және жұмсауды жүзеге асыру;

5) құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

6) автомобиль жолдарын, көпірлер мен жолөткелдерді, жүру жолдарын, тротуарларды, алаңдарды, жасанды орын-жайларды және Астана қаласы жол инфрақұрылымының өзге де объектілерін салу және реконструкциялау келешегін анықтау;

7) Астана қаласының жол инфрақұрылымы объектілерін салуға, реконструкциялауға және жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнатылатын жолаушыларды отырғызу мен түсіру пункттерін безендіруді және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

10) автобустар мен шағын автобустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

11) авиациялық оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияға жан-жақты жәрдем көрсету;

12) әуе кемесiн iздестiруді және құтқаруды жүргiзуде кез келген мүмкiн болатын көмектерiн көрсетуге мiндеттi және iздестiру-құтқару органдары келгенге дейін адамдарды құтқару, оларға медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ әуе кемесiн және оның бортындағы құжаттаманы, жабдықтар мен мүлiктi күзету жөнінде қажеттi шараларды қолдану;

13) әуе кемелерiнiң апатқа ұшырауы жөнінде өздерiне белгiлi болған барлық жағдайлар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе жақын маңдағы әуеайлаққа дереу хабарлау;

14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

15) меншік нысанына қарамастан, заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
  2. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  3. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Басқарма басшысының орынбасарлары болады.
  5. Басқарма басшысының өкілеттілігі:

1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

2) Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау және ол үшін жеке жауап береді;

5) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті құқықтық актілер шығарады;

6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді.

Басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

  1. Басқарманың мүлкі
  2. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
  4. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма қарамағындағы кәсіпорындар:

1) Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының “Есіл-Астана” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2) “№ 1 Автобус паркі” акционерлік қоғамы;

3) “Астана LRT” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

4) “LRT құрылысы жөніндегі дирекция” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

22) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау;

23) Астана қаласының Бюджеттік комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

24) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігін қарау;

25) стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін қарау;

26) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жолымен жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы мониторингті жүзеге асыру;

27) экономикалық дамыту бойынша қалаға халықаралық рейтинг беру бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру;

28) мемлекеттік басқару органдарының штаттық сан лимиттеріне өзгерістер енгізу туралы әкімдік қаулыларының жобаларын және жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімі өкімдерінің жобаларын әзірлеу;

29) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдардың, Астана қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау;

30) бухгалтерлік есепті және есептілікті, кадрлық-құқықтық жұмыстарды, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;

31) құқықтық және нормативтік-құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының жобаларын, сондай-ақ заң сипатындағы өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу;

32) концессиялық жобаларды қарау және келісу;

33) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары сараптамасының оң қорытындысы негізінде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша тізбе құру;

34) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бұйрықтарының жобасын қарастыру және келісу;

35) іске асыру жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін келісу, қалыптастыру және оны жергілікті өкілетті органға ұсыну;

36) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін және нәтиже көрсеткішін бағалау;

37) әлеуетті тәуекел аймақтарын анықтаумен көлеңкелі экономиканың мониторингісін өткізу, превентивтік және реттеуші шаралар әзірлеу;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) қаланың даму мақсатын, басымдылығын және стратегиясын анықтау жөніндегі ұсыныстарды әкімдікке енгізу;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және мәліметтерді талап ету және алу;

3) әкімдікке мына мәселелер:

Астана қаласы дамуының стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін қабылданған актілерді жою немесе өзгерту;

әкімдіктің қатысуымен ұйымды құру, қайта құру немесе жою бойынша ұсыныстар енгізу;

4) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тарту;

5) сараптама мен консультация өткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарту;

6) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

7) Басқарманың алдына қойған міндеттері мен функцияларын толық көлемде орындауды қамтамасыз ету;

8) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
  2. Басқармада басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  3. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  5. Басқарма басшысының өкілеттігі:

1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

7) Басқарма жұмысының Регламентін бекітеді;

8) құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

9) Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысының бірінші қол қою құқығы бар;

10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған басшы жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.

  1. Басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
  2. Басқарманың мүлкі
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда Басқарманың жедел басқару құқығында дербес мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады және негізгі қорлардан және айналма қаражаттан тұрады.

  1. Басқарма мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
  2. Басқарма өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
  4. Басқарманы қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

1)  “Автобус паркі № 1” акционерлік қоғамы ;

2) “Астана LRT” жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

3) ” LRT құрылыс жөніндегі дирекция” жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

 

Президент Жолдаулары

Басшыға өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

October 2, 2019
Елодадағы Айнакөл – М.Төлебаев қиылысы және М.Төлебаев – Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысындағы жол уақытша жабылады
August 2, 2019
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамыз айының 3-нен 11-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.
July 25, 2019
Нұр-Сұлтанда № 18, 28, 52, 54 маршруттар қозғалысының схемасы уақытша өзгертіледі.
July 18, 2019
Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласының ПБ
July 17, 2019
Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласының ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп
July 17, 2019
«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы»
July 16, 2019
Жөндеу жұмыстарына байланысты Республика даңғылының бойындағы жол учаскесі шектеледі.