Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Астана каласының Автомобиль
жолдары басқармасы» ММ

Басқарма туралы

«Астана каласының Автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi – Басқарма) Астана каласының аумағында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Казақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  • Басқарманың ведомстволары жоқ.
  • Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтык нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөpi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  • Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  • Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  • Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  • Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  • Басқарманың орналасқан жері Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, №11.
  • Мемлекеттік органның толық атауы: «Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  • Осы Ереже Баскарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  • Басқарма кызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  • Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Баскарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау түрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Басқарманың миссиясы: автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері:

  • Астана қаласының автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
  • жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

Функциялары:

  • Астана қаласының көшелері мен автомобиль жолдарының желісін басқару;
  • Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
  • Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
  • гендерлік теңдік Стратегиясын icкe асыру;
  • реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
  • Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

Құқықтары мен міндеттері:

  • Басқарма қызметімен аралас мәселелер бойынша орталық және жергілікті органдар әзірлеген заңнамалар және басқа да нормативттік актілер жобалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Астана қаласының жол инфрақұрылымына қатысты мәселелер бөлігінде Астана қаласының басқа атқарушы органдары дайындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісуді жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел басқарудағы мүлікке ие болу, пайдалану және жұмсауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік органдардан және ұйымдардан өз құзыреті шегінде ақпарат сұрату;
  • құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
  • автомобиль жолдарын, көшелер мен жолөткелдерді, жүру жолдарын, тротуарларды, алаңдар, жасанды орын-жайларды және өзге де Астана қаласы жол инфрақұрылымының объектілерін салу және қайта жаңарту келешегін аньқтау;
  • Астана қаласының жол инфрақұрылымы объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету;
  • бюджет каражаты eесебінен қаржыландырылатын Астана қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қайта жаңарту мақсатында оларды мемлекет мұқтажы үшін алып қоюмен байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен жер учаскелерін босату жөнінде талапкер ретінде қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Басқарманың қызметін ұйымдастыру

  • Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  • Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  • Басқарма басшысының Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  • Басқарма басшысының өкілеттілігі:
  • өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді.
  • Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
  • Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
  • өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті құқықтық актілер шығарады;
  • Басқарманың құрылымдыө бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  • Баскарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
  • Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

Басқарманың мүлкі

  • Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазакстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен калыптастырылады.
  • Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік болуы мүмкін.
  • Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  • Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруга немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жок.
  • Басқарманы қайта үйымдастыру және тарату.

Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

November 2, 2017
Елордада 11 көшенің құрылысы аяқталды
November 2, 2017
Астанада 104 көше жөндеуден өтті
October 17, 2017
Астана жолдарындағы химия немесе елордалық трассалардың сапасын жақсартудың жолдары
October 11, 2017
Елордада 2017 жылы 105 көшеде жөндеу жұмыстары жүрген
October 9, 2017
Малахов көшесіндегі қозғалыс 16 қазанға дейін жабық болады
September 22, 2017
Үстіміздегі жылы Астанада 11 көше салынды
September 8, 2017
9-20 қыркүйек аралығынла Бекетай көшесі бойынша қозғалыс шектеледі