Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
7-қосымша

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1.

Жалпы ережелер

  1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
    Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
    1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру – емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;
    өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру – құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;
    бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру – құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
    Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
    2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
    3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
    Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
    6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы.
    Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.
    7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.
    8. Жұмыс кестесі:
    1) Мемлекеттік корпорациямен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
    Қабылдау және нәтижелерді беру қызмет алушының қалауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезек броньдалуы мүмкін;
    2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).
    Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
    9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
    Мемлекеттік корпорацияға:
    1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;
    № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
    2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
    жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
    2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
    жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
    3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;
    № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
    2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
    жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
    порталға:
    4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
    № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
    2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
    5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
    6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
    № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
    2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар түпнұсқада көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттар түпнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттар түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
    Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін тапсыруына тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорация өтініш қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі – емтихан) жібереді.
    Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік корпорация қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.
    Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында және/немесе 9-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
    Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
    Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.
    Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
    10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
    Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы мынадай:
    1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күні – уақытша интервалы болмаған;
    2) кеме жүргізуші курстарын аяқталғаннан кейін он екі ай өткен және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды қайта өтпеген;
    3) емтихандарды он екі ай iшiнде үш реттен артық тапсыра алмаған және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курсты қайта өтпеген;
    4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы) ұсынған;
    ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
    5) он сегіз жасқа толмаған адамдар құжаттарды ұсынған;
    6) сот шешімінің негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мерзімі бітпеген жағдайларда емтихан тапсыруға жіберуден бас тартады.
    Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
    мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
    берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
    корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
    әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының басшысының атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
    Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
    Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағым қабылданғанын растау болып табылады.
    Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
    Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе жергілікті атқарушы органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
    Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
    Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
    Жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі.
    Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
    Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
    12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
    электрондық түрде және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері
    ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
    Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
    14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;
    2) www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында орналастырылған.
    Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
    15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.
    16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
    17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді
кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша

Фотосуретке арналған орын

Жергілікті атқарушы органының
басшысына
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)

 Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу
құқығына куәлікті беруге арналған өтініш

Маған_______________________________________________ауданында
(жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК, ТЖ және ІСЖ
көрсету керек)
_____________________________________________________________________
(шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді
қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)
басқару құқығына куәлік беруіңізді сұраймын.
Жүзу (білемін/білмеймін) ______________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1. ____________________________________
2. ____________________________________
3. ____________________________________
4. ____________________________________.

Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) _______________________
______________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20 ____ ж. « ____ » ___________  _____________________________
(өтінім берушінің қолы)

 Емтихан нәтижелері 

Пәндердің және жүзу аудандарының атауы Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ) Емтиханды қабылдау күні Ескертпе
1 2 3 4
ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары
ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары
ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары
ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары

____________________________________________________________________
(кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
Басқару құқығына емтихан нәтижесі (сынақтан өтті / сынақтан өткен жоқ)
____________________________________________________________________
(кеме-(лер) санаты (үлгісі))
Жүзу ауданында (аудандарында) ______________________________________

20____ ж. «____» _____________

М.О.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді
кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша

Жергілікті атқарушы органының
басшысына
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)

 Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш

Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын
беруіңізді сұраймын.
20__ жылғы «__» ________ шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәлік мынадай мән-жайларда жоғалған: _______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1. ____________________________;
2. ____________________________;
3. …
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20 ____ жылғы «___» __________     __________________________________
(өтініш берушінің жеке қолы)

«Өздігінен жүретін шағын көлемді
кемелердi жүргізу құқығына куәліктер
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

   Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердi жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1. _______________________________;
2. _______________________________;
3….
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________
Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)

Орындаушы. Т.А.Ә.
Телефон.
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы

20__жылғы «__» _________

Астана қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «05» қазандағы

№ 108-1853қаулысына

2-қосымша

«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  1. «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11476 болып тіркелген) бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түрінде өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын немесе Стандарттың 10-тармағында қарастырылған жағдайлар мен негіздемелер бойынша қағаз және (немесе) электронды түрде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.

  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
  1. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша:

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: Стандартқа 1,
2қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші және Стандарттың 9тармағында көзделген құжаттар топтамасы;

порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салу және Стандарттың 9тармағында көзделген құжаттары рәсімді
(іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) көрсететін мемлекеттiк қызмет процессінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және олардың орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысына жолдайды – 20 (жиырма) минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын зерделейді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды:

өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру – 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде;

өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына жаңа куәлік беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 20 (жиырма) минут ішінде.

  1. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жіберу;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыру және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жіберу;

3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберу;

4) өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлігіне, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлігі телнұсқасына қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне тіркеу үшін жіберу;

5) өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлігін тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1қосымшада келтірілген.
  1. Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс- қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процессінің сипаттамасы, оның ұзақтығы осы Регламентке
    2қосымшада келтірілген:

1) 1процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логинді және парольді енгізеді (авторландыру процессі) – 1 (бір) минут ішінде;

2) 2процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығарады және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, басқаша куәландырылған сенімхат бойынша мәліметтер толтырылмайды) мәліметтерін енгізеді – 2 (екі) минут ішінде;

3) 3-процесс – «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы сұрау жолдау – 2 (екі) минут ішінде;

4) 1шарт – көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің ЖТ МДҚ-да бар болуын тексеру – 1 (бір) минут ішінде;

5) 4процесс – көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің ЖТ МДҚ-да болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру – 2 (екі) минут ішінде;

6) 5процесс – ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) «электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау – 2 (екі) минут ішінде;

7) 6процесс – электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО-да тіркеу – 2 (екі) минут ішінде;

8) 2шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге негіз болып табылатын, Стандарттың 9тармағында көрсетілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі) –2 (екі) минут ішінде;

9) 7процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру           – 2 (екі) минут ішінде;

10) 8процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-нда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуы – 2 (екі) минут ішінде.

  1. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдарының) бірізділігі осы Регламентке 3қосымшада көрсетілген:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі  – ЖСН), сондай-ақ парольдің (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;

2) 1процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН және паролін (авторландыру процессі) енгізуі;

3) 1шарт – порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығын тексеру;

4) 2процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан дәлелді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптары есебімен толтыруы (мәліметтерді енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұраныс нысанына жалғау, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ бірдейлендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

7) 4процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5процесс – көрсетілетін қызметті берушімен сұранысты өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) ЭҮАШ АЖО-ға жолдау;

9) 3шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге негіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген құжаттар топтамасының сәйкестігін тексереу;

10) 6процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

_______________________________

«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi

жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті алушы
1-ҚФБ
2-ҚФБ
3-ҚФБ
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу журналында тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау – 20 (жиырма) минут ішінде
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдау – 1 (бір) сағат ішінде
4-ҚФБ
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: Стандартқа
1, 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын алу;порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы және Стандарттың
9-тармағында көзделген құжаттары
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау – 1 (бір) сағат ішінде
5-ҚФБ
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын зерделеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау – 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде (телнұсқасын берген кезде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда – 2 (екі) жұмыс күні ішінде
5-ҚФБ
3-ҚФБ
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеу және Мемлекеттік корпорацияға жіберу – 20 (жиырма) минут ішінде
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (куәлікті, куәліктің телнұсқасын немесе жазбаша бас тарту туралы дәлелді жауапты) көрсетілетін қызметті алушыға беруі
– 2 (екі) минут ішінде
1-ҚФБ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау
– 1 (бір) сағат ішінде

 

 

 

 

ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесуі

1-ҚФБ – Мемлекеттік корпорация, портал

2-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

4-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы

5-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

 

 

 

– мемлекеттік көрсетілетін қызметтің басталуы және аяқталуы

– көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ үдерістің (іс-әрекетінің) атауы

– келесі процесске (іс-әрекетке) өту

__________________________________

«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi

жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

 

2-процесс
3-процесс
4-процесс
7-процесс
8-процесс
6-процесс
5-процесс
1-процесс

«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi

жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

 

7-процесс
6-процесс
5-процесс
4-процесс
3-процесс
2-процесс
1-процесс

Шартты белгілер:

 

– бастапқы хабарлама

– аяқтаушы хабарлама

– аяқтаушы қарапайым хабарлама

– қате

– ақпараттық жүйе

– процесс

– шарт

– басқару ағыны

– хабарламалар ағыны

– соңғы тұтынушыға ұсынылатын

электрондық құжат

– аралық хабарлама

– таймер-оқиғалар

______________________________

Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами

1 Наименование

государственной услуги

Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами
2 Услугодатель (орган оказывающий услугу) ГУ «Управление пассажирского транспорта города Астаны» (далее – услугодатель).

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:

1) некоммерческое акционерное общество «Государственная корпорация «Правительство для граждан» (далее – Государственная корпорация);

2) веб-портал «электронного правительства»: www.egov.kz (далее – портал).

3 Услугополучатель (потребитель услуги) Физические лица
4 Форма оказываемой услуги Бумажная
5 График работы 1) Услугодателя – с понедельника по пятницу включительно с 8.30 до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан.

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги: с 8.30 часов до 17.00 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

Государственная услуга оказывается в порядке очереди без предварительной записи и ускоренного обслуживания;

2) Государственной корпорации – с понедельника по субботу включительно, в соответствии графиком работы с 9.00 часов до 20.00 часов без перерыва на обед, кроме воскресенья и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан.

Прием осуществляется в порядке «электронной очереди», по месту регистрации услугополучателя, без ускоренного обслуживания, возможно бронирование электронной очереди посредством портала.

3) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов связанных с проведением ремонтных работ.

6 Необходимые документы Для получения удостоверения на право управления самоходным маломерным судном через Государственную корпорацию:

1) заявление по форме, согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги;

2) копия диплома об окончании учебного заведения по судоводительской специальности либо свидетельства (справка) об окончании курсов по подготовке судоводителей маломерных судов;

3) копия медицинской справки по форме № 083/у;

4) две фотографии размером 2,5×3,5 сантиметров;

5) документ, удостоверяющий личность (требуется для идентификации личности).

Для получения удостоверения на право управления самоходным маломерным судном через веб-портал «электронного правительства» www.egov.kz:

1) запрос на портале в форме электронного документа, подписанный электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя;

2) электронная копия диплома об окончании учебного заведения по судоводительской специальности либо свидетельства (справка) об окончании курсов по подготовке судоводителей маломерных судов;

3) электронная копия медицинской справки по форме № 083/у;

4) электронная копия двух фотографии размером 2,5×3,5 сантиметров (оригиналы представляются в Государственную корпорацию при выдаче результата государственной услуги).

7 Стоимость услуги и порядок оплаты Бесплатно
8 Сроки оказания услуги С момента сдачи пакета документов в в Государственную корпорацию, а также при обращении на портал – 10 (десять) рабочих дней.
9 Результата оказания услуги Удостоверение на право управления самоходными маломерными судами
10 Нормативные правовые акты 1) Закон Республики Казахстан от 6 июля 2004 года N 574 О внутреннем водном транспорте;

2) Стандарт государственной услуги «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере внутреннего водного транспорта», утвержденный приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахста от 30 апреля 2015 года № 556;

3) Регламент государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами», утвержденный, Постановлением акимата города Астаны от «05» октября 2016 года № 108-1853

Местный исполнительный орган города Юридический
адрес
Телефон Электронный адрес
1. ГУ «Управление пассажирского транспорта города Астаны» ул. Бейбитшилик 11 8-7172-55-67-45 upt.astana@mail.ru

В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, некорректного обслуживания можно обратиться с письменной жалобой на блок «Вопрос-Ответ»

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

August 2, 2019
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың тамыз айының 3-нен 11-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.
July 25, 2019
Нұр-Сұлтанда № 18, 28, 52, 54 маршруттар қозғалысының схемасы уақытша өзгертіледі.
July 18, 2019
Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласының ПБ
July 17, 2019
Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласының ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп
July 17, 2019
«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы»
July 16, 2019
Жөндеу жұмыстарына байланысты Республика даңғылының бойындағы жол учаскесі шектеледі.
July 16, 2019
Астана LRT кейбір маршруттардың қозғалыс схемаларының өзгеруін ескертеді


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр