Телефон:+7 (7172) 55-67-31, uad@astana.kz
Ресми сайты
«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына
4-қосымша

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк
қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды
халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) 2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 мин.;

3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%.

Төлеу тәсілі: лицензиялық алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.

  1. Жұмыс кестесі:

1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

лицензияны алуға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;

3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

6) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау (инженер-механик), жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;

9) автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы куәліктің көшірмелері;

10) жеке тұлғалар үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлғалар үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізушілер куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралы жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері;

11) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесін, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және салық органында есепке қою туралы куәлікті ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

лицензияны қайта рәсімдеуге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталда сұрау салу;

2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

лицензияның түпнұсқасын алуға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталда сұрау салу;

2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

1) ХҚО-ға – мыналар:

құжаттың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде көрсетілетін кызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.

  1. Мыналар:

1) осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысуы;

2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;

3) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заң күшіне енген үкімінің болуы;

5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған кезден бастап) өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
    адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
    (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
    (әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі
  2. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.

Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды төлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
    түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
    ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)
және халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметiмен айналысу үшін
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Кімге ____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке
тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған
кезде), ЖСН)

 ӨТIНIШ

___________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
қағаз жеткізгіште ___________________________________________________
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою керек)
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)
Электрондық почта _____________________________________________
Байланыс телефоны/факс ________________________________________
Банктік есепшоты ______________________________________________
(банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары ____________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)

Қоса беріледі _____________ парақ

Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмағанын;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және нақты болып табылатынын растаймын.

_________________________________________ ________________
(Т.А.Ә.)                       (қолы)

М.О.              Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ______
(болған жағдайда)

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)
және халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметiмен айналысу үшін
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Кімге ____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке
тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған
кезде), ЖСН)

 ӨТIНIШ

___________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)

қағаз жеткізгіште _____________________________________________
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою керек)
1) жеке тұлғаның тегiнің, атының, әкесiнiң атының (болған кезде) өзгеруіне;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелуіне, оның атауы мен мекенжайының өзгеруіне;
3) заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуына;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне;
5) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалуына, бүлiнуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу (телнұсқасын берудi) сұраймын (қажеті сызылсын).

Мекенжайы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)

Электрондық почта _____________________________________________
Байланыс телефоны/факс ________________________________________

Банктік есепшоты ______________________________________________
(банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары ____________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)

Қоса беріледі _____________ парақ

Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмағанын;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және нақты болып табылатынын растаймын.

________________________________  ________________
(Т.А.Ә.)                   (қолы)

М.О.               Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ______
(болған жағдайда)

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)
және халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметiмен айналысу үшін
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

нысан

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі ___________________________ «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, (мекенжайды көрсету) ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1. ___________________________________________________________;
2. ___________________________________________________________;
3. ___________________________________________________________;
4. ___________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. ____________________ ____________
(ХҚО қызметкері)     (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә._______________ Телефон: ________________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» __________

Астана қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «05» қазандағы

№ 108-1853 қаулысына

1қосымша

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицзензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетінқызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11476 болып тіркелген) бекітілген«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастағы автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастағы автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу құқығына лицензия немесе қағаз және (немесе) электрондық түрде Стандарттың 10тармағында қарастырылған жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруден дәлелді жазбаша бас тарту.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iсқимыл тәртiбiнің сипаттамасы

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын алуы немесе порталда электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызмет алушының құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап оларды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға енгізеді бастап – 20 (жиырма) минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 13 (он үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеуді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде, лицензияның телнұсқасын – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне немесе порталға қағаз түрінде немесе көрсетілетін қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолдайды.

  1. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына берілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының өтініші және қажетті құжаттары;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына қарау үшін берген бұрыштамасы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қарау үшін берген бұрыштамасы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға берілген қағаз түрінде рәсімделген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы берілген қағаз түріндегі қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

6) портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы берілген қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы Регламентке 1қосымшада келтірілген.
  1. Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процессінің сипаттамасы, оның ұзақтығы осы Регламентке
    2қосымшада келтірілген:

1) 1процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің «Елицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Елицензиялау» МДҚ АЖ) мемлекеттік қызметті көрсету үшін логинді және парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

2) 2процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

3) 3процесс – «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына/«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұранымды жолдау;

4) 1шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;

5) 4процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;

6) 5процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгілеу бөлігінде сауал салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау нысанына бекітуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сұрау нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ көмегімен куәландыруы;

7) 6процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖға жолдау;

8) 7процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу;

9) 2шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандарттың 9тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

10) 8процесс – «Елицензиялау» МДҚ АЖда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 9процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Елицензиялау» МДҚ АЖда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық лицензия) Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы алуы.

  1. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдарының) бірізділігі осы Регламентке 3қосымшада көрсетілген:

1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады, бұл көрсетілетін қызметті алушымен компьютердің интернет-браузеріне тіркелген (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу (авторландыру үдерісі);

3) 1шарт – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаларды қалыптастыру;

5) 3процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанын толтыруы (деректерді енгізуі);

6) 4процесс – ЭҮТШ арқылы мемлекеттік қызметке ақы төлеу, содан кейін бұл ақпарат «Елицензиялау» МДҚ АЖ келіп түседі;

7) 2шарт – «Елицензиялау» МДҚ АЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлеу дерегін тексеру;

8) 5процесс – «Елицензиялау» МДҚ АЖ-да мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлемнің болмауына байланысты, сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранымды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұранымда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

11) 7процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) және мемлекеттік қызмет көрсету үшін оған бекітілген құжаттарын (электрондық түрде) куәландыру (қол қою);

13) 9процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖда сұрауды өңдеу;

14) 10процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

15) 11процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырған мемлекеттік қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондайақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнесүдерістерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті  алушы
2-ҚФБ

 

3-ҚФБ

 

1-ҚФБ

 

Көрсетілетін қызмет алушының келіп түскен құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкес тексеру, қабылдау, оларды тіркеу журналында тіркеуі және көрсетілетін
қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау – 20 (жиырма) минут ішінде
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарау және оларды көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдау – 1 (бір) сағат ішінде
Мемлекеттік корпорация: көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын қабылдап алуы – 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру.

Портал: авторландыру және Стандарттың 9-тармағына сәйкес ЭЦК-мен куәландырылған электронды құжат түрінде  құжаттар топтамасын тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының  «жеке кабинетіне» қабылдау туралы мәртебесін жолдау

4-ҚФБ

 

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарау және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім қызметкеріне орындауға жолдау – 1 (бір) сағат ішінде
5-ҚФБ
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне немесе порталға қағаз түрінде немесе көрсетілетін қызмет берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде жолдау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (лицензияны, қайта ресімделген лицензияны немесе жазбаша бас тарту туралы дәлелді жауапты) көрсетілетін қызметті алушыға беру
1-ҚФБ

 

5-ҚФБ

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау – 13 (он үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеуді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде, лицензияның телнұсқасын – 1 (бір) жұмыс күні ішінде
3-ҚФБ

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою – 1 (бір) жұмыс күні ішінде

ҚФБ – құрылымдық-функциональдық бірлік: көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесуі

1-ҚФБ – Мемлекеттік корпорация, портал

2-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

4-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы

5-ҚФБ – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

 

 

 

– мемлекеттік көрсетілетін қызметтің басталуы және аяқталуы

– көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ үдерістің (іс-әрекетінің) атауы

– келесі процесске (іс-әрекетке) өту

__________________________________

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондайақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің

өзара әрекет ету функционалдық диаграммасы

1-процесс
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері
2- процесс
ЭҮШ
5- процесс
ЖТ МДҚ/

ЗТ МДҚ

3- процесс
4- процесс
8- процесс
1-шарт
2-шарт
6- процесс
9- процесс
ЭҮТШ
7- процесс
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ
«Е-лицензиялау»

МДҚ АЖ

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондайақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3қосымша

Портал арқылы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің

өзара әрекет ету функционалдық диаграммасы

 

1- процесс
2- процесс
Көрсетілетін қызметті алушы
3- процесс
ЭҮТШ
6- процесс
11- процесс
Порталдың

ақпарат

жүйесі

4- процесс
1-шарт
5- процесс
7- процесс
4 -шарт
10- процесс
2-шарт
3-шарт
8 – процесс
9 – процесс
«Е-лицензиялау»

МДҚ АЖ

«Е-лицензиялау»

МДҚ АЖ

 

Шартты белгілер:

– бастапқы хабарлама

– аяқтаушы хабарлама

– аяқтаушы қарапайым хабарлама

– қате

– ақпараттық жүйе

– процесс

– шарт

– басқару ағыны

– хабарламалар ағыны

– соңғы тұтынушыға ұсынылатын

электрондық құжат

– аралық хабарлама

– таймероқиғалар

Қызметтің атауы Құжаттар тізімі Қызмет көрсету мерзімі Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін мекеменің атауы және (немесе) «электронды үкіметі» веб-порталда көрсетілуі 
1 Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру Лицензияны Мемлекеттік корпорация арқалы алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1, 2 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

3) өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты құжаттарының көшірмелері.

Лицензияны «электронды үкіметі» веб-порталы www.egov.kz,  www.elincense.kz арқалы алу үшін:

1) порталға қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған (бұдан әрі – ЭСҚ), электрондық құжат үлгісінде сұрау салуы;

2) «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

3) өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты электрондық құжаттарының көшірмелері.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күн; 1) Мемлекеттік корпорация;

2) «электронды үкіметі» веб-порталы www.egov.kz,  www.elincense.kz.

2 Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті Мемлекеттік корпорация арқалы алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;

3) № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

5) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті портал арқалы алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;

3) № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде лицензияны беру – 10 (он) жұмыс күн; 1) Мемлекеттік корпорация;

2) «электронды үкіметі» веб-порталы www.egov.kz.

Местный исполнительный орган города Юридический
адрес
Телефон Электронный адрес
1. ГУ «Управление пассажирского транспорта города Астаны» ул. Бейбитшилик 11 8-7172-55-67-45 upt.astana@mail.ru

В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, некорректного обслуживания можно обратиться с письменной жалобой на блок «Вопрос-Ответ»

Тұрғындар үшін ақпарат

Басшысына өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

April 9, 2019
№ 28 көше жол салуға байланысты жабылады
April 2, 2019
Биыл астанада қандай көшелердің жөнделетіні белгілі болды
January 17, 2019
Республика даңғылы мен Жангелді көшесінің қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
November 29, 2018
Главный приоритет работы акимата – это обеспечение для всех жителей Астаны, независимо от района и улицы, комфортных, доступных и безопасных условий для жизни, работы и отдыха.
November 12, 2018
Астанада бір жақты қозғалысқа арналған жаңа жол бөліктері пайда болады
November 9, 2018
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы шартқа қол қою туралы
October 27, 2018
Қошқарбаев пен Қордай көшелерінің қиылысындағы қозғалыс жабылады


574-777

При возникновении проблем и вопросов по городскому общественному транспорту, обращайтесь в контакт-центр