February 11, 2021
Қабанбай батыр даңғылы бойында автобус жолағы алынып тасталды
Ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап қаланың жол жүктемесін төмендету мақсатында Сығанақ көшесінен айналма жолға дейінгі учаскеде екі бағыттағы Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолақтары алынып тасталды. Көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысына қалаға үш жолақпен кіру кезінде, қаладан шыққан кезде – екі жолақпен жүруге рұқсат етіледі.
Жол таңбаларын өшіру жұмыстары қолайлы ауа райы шарттары болған кезде жүргізілетін болады. Бұл іс-шара уәкілетті орган – Әкімшілік полиция басқармасымен келісім бойынша қабылданды.