February 11, 2021
Қабанбай батыр даңғылы бойында автобус жолағы алынып тасталды
“Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылының құрылысы” жобасы аясында 30 қараша күні Тәуелсіздік даңғылынан арнайы айналма тасжолына дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылы бойынша жол қозғалысы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, “29 көшеден Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскеде 38 көшенің құрылысы” объектісін салу бойынша жұмыстар аяқталуына байланысты бүгінгі таңда Тәуелсіздік (38) – Ұлы дала даңғылдарының қиылысында жол ашылды.