«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ теміржол арқылы өтетін көпірдің тірек бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты, үстіміздегі жылдың 16 қаңтарынан бастап Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Ш.Уәлиханов көшесінен барлық Ақжол көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеледі.
Қозғалыс шектеулеріне байланысты жол жолақтар саны әр бағытта 4-тен 2-ге дейін азаяды.
Аталған учаскедегі жүктемені азайту үшін автобус маршруттарын қоспағанда, көпірден солға Ш.Уәлиханова көшесіне бұрылуға уақытша тыйым салу жоспарланған. Сондай-ақ, шамадан тыс жүктемені алдын алу үшін жақын маңдағы қиылыстарда жанама шаралар өткізіледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлау керек.