Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 1061 Қаулысы.
“Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 1061 қаулысымен бекітілген |
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен
тасымалдау ережесі
Жалпы ережелер
жүк – буып-түйілген және осы Ережеде белгіленген нормалар шегінде автобуста, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі;
билет – жолаушының жол жүруді жүзеге асыру құқығын куәландыратын және жолаушыны автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын растайтын құжат;
борт журналы – оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өткені туралы белгілер қойылатын, автокөлік құралында болатын, нөмірленген және тігілген журнал;
жол полициясы – астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы арнайы функцияларды жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органы;
бағыт – жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру үдерісінде анықталған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол;
жаппай тасымалдау – екі немесе одан да көп көлік құралдарының тобы жүзеге асыратын, көлік легіндегі қозғалыста, не белгіленген режимде бағыт бойынша және соңғы пункттерде қозғалысты қосымша бақылау арқылы ұйымдастырылатын тасымал;
қауіпті учаскелер – жүріп өтуі жол-көлік оқиғасына әкеп соғудың жоғары қаупі бар немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістерімен байланысты автомобиль жолдарының учаскелері;
астананың көлік органы – астана аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға Астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган;
көліктік бақылау органы – көлік саласындағы арнайы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы;
жолаушыларды отырғызу және түсіру пункті (аялдама пункті) – осы Ереженің талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған орын;
қозғалыс кестесі – жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау бағытының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер қамтылған кесте;
рейс – автобус, шағын автобус бағытының бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі жолы;
бағыттың схемасы – аялдама пункттері, олардың арасындағы арақашықтық, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, темір жол өтпелері, көпірлер, тоннельдер және т.б.) көрсетіле отырып, бағытты графикалық түрде шартты бейнелеу.
Қалалық бағыттарда жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) күні бұрын белгіленеді.
1) тасымалдаушының толық атауы;
2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті аумақтық басқармаларының (бұдан әрі – жол полициясы органдары) байланыс телефондарының нөмірлері;
3) бағыт схемасының көшірмесі мен қозғалыс кестесі;
4) бағыт бойынша жол жүруге және жүкті алып жүруге арналып белгіленген тариф;
5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе жүкті алып жүргені үшін белгіленген айыппұлдың мөлшері;
6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттері;
7) тыйым салулар туралы ақпарат және арнайы орындардың белгілері бар пиктограммалар.
Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустар бағыттағы диспетчерлік сүйемелдеу жүйесінің аялдамаларды жариялайтын, дауысы қатты шығатын автоматтандырылған құрылғысымен және желідегі жұмысты бақылау үшін жолаушылар ағынын есептеудің автоматтандырылған құрылғысымен (тасымалдауды ұйымдастырушының тиісті талабы болса) жабдықталады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 855 қаулысымен.
Бағыттың нөмірі ашық сары түсті аяда қара түспен (қаріптің биіктігі кемінде 120 мм) жазылуы тиіс. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте бағыт нөмірінің астында қызыл түсті (қаріптің биіктігі кемінде 60 мм) “Жедел” деген жазу болуы тиіс.
Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау
бағыттарын ашу, жабу және өзгерту тәртібі
1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті белгілі бір бағыттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келсе, ұйымдастырылуы мүмкін.
әрбір бағыт бойынша халықтың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру;
белгіленген нормалар бойынша автобустар сыйымдылығын ұтымды пайдалану;
жүру жолында жолаушыларға қажетті жағдайлар жасау;
жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфрақұрылымның басқа да объектілерін сақтау;
автобустарды пайдалану нормативтері мен ережесін, жол қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
сапардағы жолаушылардың уақыт шығынын барынша азайту;
барлық түйіндес бағыттар бойынша автобустар қозғалысының кезеңділігі;
жүргізушілердің еңбек режимі мен демалысын сақтау.
жүрудің бастапқы және соңғы пункттері бойынша бағыттардың нөмірі және атауы;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы аралық пункттер саны және атауы;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыт ұзақтығы;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы;
бағытқа қызмет көрсету кезеңі: жыл бойы, қосымша (белгілі бір күндерде және тәулік кезеңдерінде қолданылатын (қалалық бағыттарда демалыс, мерекелік күндер немесе “қауырт” сағаттар), маусымдық (алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары жұмыс істеген кезде, жолаушылар ағыны көбейген кезеңде);
бағыттар бойынша қозғалыс кестесі;
жолаушылар ағыны және жолаушылар айналымы;
жолаушыларға және жалпы отыруға арналған орындар бойынша бағыттағы автобустардың, шағын автобустардың сыныбы және паспорттық сыйымдылығы (жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып);
резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып, бағытта қызмет көрсету үшін қажетті автобустардың, шағын автобустардың саны;
тасымалдаушы туралы мәліметтер (атауы, мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты, тасымалдауды ұйымдастыратын жауапты басшының және тұлғаның телефоны) және оған берілген рұқсат ету құжаттарының қолданылу кезеңі қамтылады.
Бағыттарды тексеруді құрамын астананың көлік органы бекітетін комиссия өткізеді.
Көлік жүйелерінің алуан түрлері үшін ғимараттарда және құрылыстарда құрамдастырылған аялдау пункттерін ұйымдастыруға жол беріледі.
Автобустар қозғалысына диспетчерлік жетекшілік жүргізу
1) бағыттағы, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа да жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқау беруді;
2) жүргізушілерде нақты бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (куәлігінің немесе рұқсатының, техникалық білім минимумы оқу курсынан өткені туралы анықтамасының, бағыттар схемасының, жол қағазының) болуын бақылауды;
3) кондукторда бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (техникалық білім минимумы курсынан өткені туралы анықтамасының, біржолғы билеттердің) болуын бақылауды;
4) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
1) тасымалдаушылар мен олардың диспетчерлік қызметтерін бағыт бойынша жүрудің қиындықтары, оның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектелуі немесе тыйым салу туралы хабардар етуді;
2) бағыт бойынша жүрудің қиындықтары туралы оның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа да жағдайларға байланысты қозғалыстың шектелуі немесе жүрудің мүмкін еместігі туралы жол органдарын, жол-патрульдік полициясы, азаматтық қорғау органдарын хабардар етуді;
3) астананың көлік органын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қозғалыс кестелерін (графиктерін) әрі осы Ереженің шарттарын басқа да бұзғаны туралы хабардар етуді;
4) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен
тасымалдаудың бағыттарына қызмет көрсету құқығына
конкурстар ұйымдастыру және оларды өткізу тәртібі
Астана әкімдігі белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тасымалдардың шығындарын жаппаған жағдайда, астана әкімдігі тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы жергілікті бюджет қаражатының есебінен өтейді.
1) астананың көлік органының;
2) көліктік бақылау органының;
3) жол полициясының өкілдері кіреді.
Комиссияның құрамына астананың көлік органына тиісті өтінім берілген жағдайда, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізіледі.
Бұл ретте қалыптастырылатын лоттарды келісу жөнінде шешім қабылдауды отырыс хаттамасында шешімді бекіте отырып, комиссия жүзеге асырады.
1) конкурсқа шығарылатын жолаушыларды және жүкті қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары бағыттарының негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ оларға қоса берілетін бағыттардың схемалары мен қозғалыстар кестелерін, жылжымалы құрамды жаңарту қажеттілігінің кестесі, экологиялық талаптар, жүргізушілер (кондукторлар) мен диспетчерлердің арнайы киім-кешегі мен киім нысанының қажеттілігін;
2) конкурсқа шығарылатын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстар толтырылатын нысандарын (бұдан әрі – конкурстық ұсыныстар) комиссия мүшелері санына тең мөлшерде;
3) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартының жобасын;
4) қатысушы туралы ақпарат бланкісін;
5) бағалау шкаласын;
6) конкурстық ұсыныстарды беру үшін бір үлкен конвертті (егер конкурсқа бағыттар бір лоттан артық шығарылса, онда әрбір лотқа жеке конверттер болуы тиіс) қамтиды.
1) ұсынылып отырған жылжымалы құрам (автобустардың, шағын автобустардың түрі, санаты мен саны, пайдалану мерзімі, паспорттық сыйымдылығы);
2) көлік құралдарының тиесілігі;
3) жылжымалы құрамды сақтауға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның болуы (меншікті немесе шарт бойынша пайдаланылатын);
4) үміткердің басшылық буынының қалалық бағыттардағы жұмыс тәжірибесі;
5) жүргізуші персоналының жолаушылар тасымалы саласындағы жұмыс тәжірибесі;
6) желіден шығып қалған жылжымалы бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі;
7) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қосымша ұсыныстар.
Осы бағыт қамтылған лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін конкурстық ұсыныстарда қатысушылар жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір бағыттан артық көрсету фактілері анықталған жағдайда, неғұрлым кештеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып саналады.
Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешімді уақтылы қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтай алады.
1) қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісін;
2) заңды тұлғаның немесе өз қызметін заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесін;
3) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелерін;
4) конкурс кезеңінің алдындағы жарты жылдағы тасымалдауға ұсынылатын бүкіл жылжымалы құрамға техникалық паспорттардың және мемлекеттік техникалық тексеруден өткені туралы куәліктердің көшірмелерін;
5) конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандар санына тең санда қатысушының қолымен толтырылған әрі оның мөрімен куәландырылған конкурстық ұсыныстарды табыс етуі қажет.
Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетілмей және былғамай ресімделеді.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерді бұзып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарамайды.
Конкурс алдындағы комиссия тексеру қорытындылары бойынша қатысушы туралы ақпарат толтырылған бланкіде конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) қоса береді.
Уақытты оңтайландыру үшін конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы пікірлер білдіру мақсатында тексеру объектілері және түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге жол беріледі.
Көрсетілген құжаттар қатысушы ұсынған өтініммен және құжаттармен бірге тиісті конвертте мөрмен бастырылады.
Комиссия мүшелері бағалау шкаласына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды жеке қояды.
Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиісті лот бойынша конкурстың жеңімпазы деп танылады.
Конкурс алдындағы комиссия теріс қорытынды жасаған жағдайда, комиссия мүшелері жоғарылығы бойынша келесі жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын осылайша қарауға көшеді.
Егер лот бойынша екі конкурсқа екі рет бір қатысушы өтінім берген жағдайда, сол қатысушыны конкурстық комиссия комиссия мүшелерінің жалпы санынан 1/2 кем емес дауыс беруі жолымен лот бойынша осы қатысушыны жеңімпаз деп анықтауы мүмкін.
Егер оның отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, комиссияның шешімі заңды деп танылады.
Бұл ретте алдыңғы конкурстың қатысушыларына конкурстық құжаттама тегін беріледі.
тасымалдаушының атауы;
бағыттың нөмірі;
берілген күні;
қолданылу мерзімі;
астана көлік органы лауазымды тұлғасының қолы және мөріне арналған орын қамтылуы тиіс.
Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалы
Бұл ретте қала маңындағы бағыттың қала ішіндегі қозғалыс схемасы мейлінше қысқа болуы тиіс.
1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында, бағыттың схемасында көрсетілген, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метрге дейін болуы тиіс барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі бағыттар;
2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен бағыттың схемасында көрсетілген, олардың арасындағы қашықтық 800-ден 3000 метрге дейін болуы мүмкін барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел бағыттар.
1) тәуліктің бүкіл белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;
2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын қосымша (демалыс, мерекелік күндер немесе “қауырт” сағаттар);
3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын маусымдық (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде);
4) уақытша, қысқа уақытта қолданылатын уақытша (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған кезде).
1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;
2) екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру – алдыңғы есіктен басқа барлық есік арқылы, ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүргізіледі.
Автобустың салонында өлшемі 60x40x20 см және салмағы 20 кг дейінгі бір орындық қол жүгін, сондай-ақ қаптамасы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етіледі (автобустарда ғана).
сериясы және нөмірі;
жол жүру құны;
билеттің шығарылған жылы сияқты ақпарат қамтылған біржолғы жалпы билет жолаушыға беріліп, тіркеледі.
Жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдау
шарт жасасу немесе жасасудан бас тарту туралы;
құжаттарды қайта қарау жөнінде қосымша мерзім тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Мүдделі тұлға осы Ереженің талаптарына сай келмеген жағдайда шарт жасасудан бас тартуға жол беріледі және ол жазбаша нысанда бас тарту негізі көрсетіліп, ресімделеді.
Ереженің талаптарына сәйкес келетін және техникалық жарамды такси автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырады;
тапсырыстарды қабылдау және тапсыру қызметтерін көрсету үшін диспетчерлік қызметпен немесе диспетчерлік сүйемелдеуге диспетчерлік қызметпен шарты болуы тиіс;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі;
Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар алдында тасымалдаушылардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасайды;
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес жоспарлы-алдын ала техникалық қызмет көрсету, жылжымалы құрамды жөндеу және рейс алдындағы бақылаудан өткізуді жүргізу үшін жағдайлар жасайды. Осындай база немесе оның жекелеген компоненттері болмаған жағдайда тасымалдаушылардың тиісті жұмыстар мен қызметтер түрлерін жүзеге асыруға рұқсат құжаттары бар қызметтерді орындаушы субъектілермен шаруашылық шарттары болуы тиіс;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медицина қызметкері осы қызмет түріне рұқсат еткен көлік құралдарының жүргізушілерін, олардың жұмыс күні (ауысымы) қашан, қайда басталатынына қарамастан, мерзімді және рейс алдындағы медициналық тексеруден міндетті түрде өтуін және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушілердің көлік құралдарын пайдаланбауын, сондай-ақ таксилерді бұзылған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;
жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтайды;
жүргізушілер персоналын белгіленген үлгідегі нысанды киіммен қамтамасыз етеді;
қаланың және көшелердің орналасуын;
Жол қозғалысы ережесін және осы Ережені;
қауіптілігі жоғары жиі ұшырасатын жол-көліктік жағдайларын, қиын жол және метеорологиялық жағдайларда көлік құралын қауіпсіз басқару негіздерін;
зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін;
жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларды көшіру тәртібін жүргізушілердің білуін көздейтін, жолаушылар көлігінің кәсіптік оқу – білім беру орталықтарында кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Такси автомобильдері шанақ периметрі бойынша шаршылы белдеумен және 500 метр қашықтықтан жақсы ажыратылатын төбесінде орналасқан айырымдық белгімен, алдыңғы есіктері жүргізушінің логотипімен, артқы есіктері қызмет көрсететін диспетчерлік қызметтің нөмірлерімен және шанақтың артқы бүйір жақтары такси автомобильдің жеке тіркеу нөмірімен (гараж нөмірімен) жабдықталуы тиіс. Айырымдық белгіде “ТАХІ” (такси) деген жазу немесе тәуліктің қараңғы уақытында жанып көрінетін оған тән “шаршылы белдеу” бейнелеуге тиіс.
жүргізушінің фотосуреті бар, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы көрсетілген шарттың болуын растайтын куәлігі;
тасымалдауға, сондай-ақ белгілі бір жағдайда қолданылатын арнайы тариф (әрбір жүк орнына, әрбір жануарға және т.б.);
астананың көлік органының, тасымалдаушы диспетчерлік қызметінің және “051 қызметі” мемлекеттік мекемесінің телефон нөмірлері болуы тиіс.
Такси автомобильдің салонында қол жететін жерде:
тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру полисі;
тасымалдау үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бөлігіндегі Ережеден үзінді көшірме;
қаланың (астананың) картасы болуы тиіс.
Осы тармақтың ережелері тіл туралы заңнамаға сәйкес орындалуы тиіс.
1) қажетті дәрілер жиынтығы және медициналық заттар салынған медициналық қобдиша;
2) апат жағдайында тоқтау белгісімен;
3) жүргізуші тез қол жеткізетін орында бекітілген өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
тиісті санаттағы жүргізу куәлігі;
5 жылдан кем емес жүргізушілік еңбек өтілі;
жолаушыларды тасымалдауға жарамдылығы көрсетілген медициналық тексеруден өткені және жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өткені туралы анықтамасы болуы тиіс.
жолаушылардан тапсырыстар қабылдау жөнінде сапалы көп арналы және жедел радио байланысымен әрі өзге де байланыс түрімен қамтамасыз етілуге және оларды такси жүргізушілеріне хабарлауға;
тапсырыстардың уақтылы орындалуын және таксилердің жіберілуін бақылауды жүзеге асыруға;
жолаушылардан түскен тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізуге;
такси кешіккен немесе тапсырысты дереу орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, таксиге тапсырыс ресімдеген тұлғаға дереу оның кешігетіні туралы ескертуге немесе тапсырыс берушімен келісім бойынша, қысқа мерзімде басқа таксимен ауыстыруға;
таксиге тапсырыстар қабылдау туралы қала тұрғындарына сенімді және шынайы ақпарат беруге тиіс.
жүру жолында алдын ала қозғалыс жолын таңдауды, жылдамдық режимін реттеуді және көлік құралының мейлінше қауіпсіздігін және бірқалыпты жүруді қамтамасыз ететіндей маневр жасауды жүзеге асырады;
көлік құралының жолаушылар өмірі мен денсаулығына және жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндей техникалық ақауы болған жағдайда, көлік құралын тоқтатып, оның барлық есіктерін ашады және жолаушыларды шығарады;
шұғыл жағдайларда 01, 02, 03 немесе 051 мамандандырылған қызметтерімен дереу байланыс жасайды;
жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда оқиғаның сипаттамасы туралы тиісті қызметтерге хабарлау үшін дереу шаралар қабылдайды және мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді, шұғыл медициналық жәрдем пункттеріне олардың жеткізілуін ұйымдастырады;
жолаушының байқамауынан көлік құралында ұмыт қалған заттар болса, оларды тасымалдаушы әкімшілігінің жауапты қызметкерлеріне немесе “табылған заттар” үстеліне сақтауға қысқа мерзімде тапсырылуын қамтамасыз етеді;
такси автомобильде ақаулар анықталған жағдайда, бұл туралы диспетчерлік қызметке дереу хабарлайды және жолаушының баратын жеріне немесе жолаушылар көлігінің ең жақын аялдамасына дейін тез жетуіне көмектеседі;
жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігімен және қызмет көрсетудің жоғары мәдениетімен қамтамасыз етеді;
жолға шығу алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексереді;
жүргізушінің ауысым алдындағы медициналық тексеруден және такси автомобильдің ауысым алдындағы техникалық тексеруден өткені туралы белгі қойылатын жол парағы немесе борт журналы онда болуы тиіс;
музыка ойнатқышты немесе радио қабылдағышты жолаушының келісімімен қосады және жолаушының талабы бойынша сөндіреді.
егер адамды құқық қорғау органдары қудаласа;
жолаушылардың саны автомобильдегі отыратын орындардың санынан асқан кезде;
жолаушының өміріне қауіп төнетін жағдайлардан басқа, жолаушы мас күйде немесе есірткіден уытталған күйде болған жағдайда;
жолаушының киімі, оның жүгі немесе ол алып жүретін жануарлар басқа жолаушыларға немесе автомобиль салонына зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда;
қозғалысына тыйым салынған немесе апатты жағдайдағы жолдармен жүріп, қызмет көрсетуге шақырған кезде оны орындаудан бас тартуға құқылы.
жол полициясында осы жүргізушінің бір айда үш реттен артық Жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы туралы ақпарат болған кезде;
жолаушылардан жүргізушіге Таксиде жолаушылар мен жүкті тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартты орындауға қатысты бір айда үш реттен артық негізделген шағым келіп түскен кезде бұзылуы мүмкін.
Осы Ереженің сақталуын бақылау
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне қосымша |
Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль
тасымалдарының бағыттарында қызмет көрсетуге арналған
конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
Р/с
N |
Көрсеткіштер | Балл саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Автобустарды, шағын автобустарды
пайдалану мерзімі, (әрбір автобус үшін): 3 жылға дейін; 4-тен 7 жылға дейін; 8-ден 10 жылға дейін; 10-нан 14 жылға дейін. |
1 0,7 0,4 0,1 |
2 | Жылжымалы құрамның тиесілігі:
жеке меншік құқығындағы; жалдау құқығындағы. Ескертпе: аралас меншік тиесілігі кезінде бағытқа қызмет көрсету үшін қажетті көліктің жалпы санынан тиесілік пайызына барабар балл алынады. |
5 3 |
3 | Жылжымалы құрамды сақтауға арналған
өндірістік базаның болуы: өз меншігіндегі жылытылатын гараждардың болуы кезінде; жылытылатын гараждарды жалға алу кезінде; өз меншігіндегі жылытылмайтын гараждардың болуы кезінде; жылытылмайтын гараждарды жалға алу кезінде; ашық алаңдарда сақталған кезде. |
5
4 3
2
0 |
4 | Техникалық қызмет көрсетуге және
ағымдағы жөндеуге арналған өндірістік базаның болуы: өз меншігіндегі қажетті жабдықтар жиынтығы мен персоналы бар техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймақтарының болуы кезінде |
осындай база жалға алынған кезде;
өз меншігіндегі жылытылатын базаның болуы; 10 көлік бірлігіне 2 пост есебінен көтергішпен немесе қарау арыгымен жабдықталған, техникалык қызмет көрсету және жөндеуге арналған ең аз қажетті цехтар, учаскелер жиынтығымен; осындай база жалға алынған кезде; жоғарыда аталғандар болмаған кезде. Ескертпе: техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймағы агрегаттарды, электр жабдықтарын жөндеу мен оларга техникалық қызмет көрсету, шина жөндеу, дәнекерлеу, бояу орындары, ТО-1 және ТО-2 постылары бар цехтардың, учаскелердің жиынтығын, 100 көлік бірлігіне 20 машина орны есебімен қажетті көтергіш көлік жабдықтарымен агрегаттарды шығарып алу және қоюға арналған аймағымен бірге қамтиды. |
5
3
4 2 0 |
|
5. | Аялдамаларды жариялауды жузеге асыру
нұсқалары: көлік бірліктерін хабарлаушы қүралмен 100 пайыз жабдықтаған кезде; автоматтандырылған дауыс шығарғыш құрылғы арқылы; жүргізуші немесе кондуктор хабарлайды; арба креслоны пайдаланатын мүгедек- терді тасымалдауға бейімделген жылжымалы құрамның болуы. |
7 3
1 +0,1 әр автобус үшін |
6. | Басшылық жасаушы буынның жолаушылар
тасымалдау саласындағы жүмыс тәжірибесі: 3-тен 5 жылға дейін; 5-тен 8 жылға дейін; 8 жылдан аса. |
2 4 6 |
7. | Жүргізуші персоналдың жолаушылар
тасымалдау саласындағы жүмыс тәжірибесі: 3-тен 5 жылға дейін; 5-тен 8 жылға дейін; 8 жылдан аса. Ескертпе: жүргізуші персоналдың жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде бағытқа қызмет керсету үшін қажетті жүргізушілердің жалпы санынан орташа балл есепке алынады. |
2 4 6
|
8. | Желіден шығып қалған жылжымалы
бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі: желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 0,5 сағат ішінде қамтамасыз ететін резервтік көлік пен ұтқыр байланыс қүралдары (радиостанция, ұтқыр телефон) бар желі персоналының болуы кезінде; желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 1 сағат ішінде қамтамасыз ететін, байланыс құралы жоқ желі персоналынсыз резервтік көлік болған кезде; жоғарыда санамаланғандар болмаған кезде. |
5
3 0 |
9. | Жолаушылар тасымалының жағдайларын
жақсартатын қосымша ұсыныстар: тиісті бағыттағы автобустардың немесе шағын автобустардың түрлері мен сыныптарының біртектілігі. |
+0,5 |
Комиссияның қарауына””Жолаушылар тасымалы жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар” деген 9-бағанға 6 баллға дейінгі бағамен қосымша өлшемдер (жылжымалы құрамды жуу мен жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі, диспетчерлік қызметі бар байланыс жүйесі, рейс алдындағы автобустарды техникалық бақылауды қамтамасыз ету, жол жүру тарифі) енгізілуі немесе тасымалдаушылардың жол үстіндегі сервистік қызметтер бойынша қосымша ұсыныстары 1 баллға бағалаумен ескерілуі мүмкін.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК