Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Нұр-Сұлтан қаласының ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жүргізілуде. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың шілде айының 17-нен 20-на дейінгі мерзімде Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.
Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түңгі уақытта) жүргізілетін болады.
Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және тәулік бойы жүргізілетін жұмыстарға қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.