«Нұр-Сұлтан қаласының
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын
дамыту басқармасы» ММ
Ресми сайты

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 318 бұйрығымен
бекітілген

“Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру” мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы “Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру” мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру тәртібін айқындайды.
  2. “Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және www.egov.kz, www.elіcense.kz “электрондық үкіметтің” веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЗТ өтініші) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны алу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес “Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру” (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығы.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

  1. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері “электронды үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
  3. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру және мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, бұдан басқа көрсетілетін қызметті алушының өкілі Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхат ұсынады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 3-тармағында белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың тіркеуін олар келіп түскен күні жүзеге асырады.
  4. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру бойынша өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  5. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензияны алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін 3 (үш) жұмыс күнін, лицензияның телнұсқалары үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
  6. Портал арқылы келіп түскен құжаттардың Стандартың 8-тармағында көзделген және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен тізбеге сәйкес құжаттарды толық емес ұсынған фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан еркін түрде бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
  7. Стандарттың 8-тармағында көзделгендей көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, кеңсе маманы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы анықтайтын қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға ұсынады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті материалдардың, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10800 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, мәліметтер мен ақпараттың осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкестігін айқындау нәтижелері бойынша жауапты қызмет беруші облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы Стандарттың 9-тармағында көрсетілгендей негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе жетекшілік ететін директор орынбасарымен және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен келісу бойынша әрекет ететін тұлғаға жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы жіберіледі.

  1. Портал арқылы жүгінген жағдайда сұрауда көрсетілген Мемлекеттік корпорация мекенжайы бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жолданады.
  2. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның уәкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты арқылы) ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің “Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау і қызметімен айналысу құқығына лицензия беру” мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) басшысының атына www.mііd.gov.kz мекенжайы бойынша, “Көлік комитеті” бөлімінің “мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімі; Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz деген бөліміне беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе кеңсе арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

Қолма-қол, пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдаудың растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетуімен кеңседе оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіндегі шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, оны мемлекеттік органда өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
“Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру” мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-

сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –

шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы

көрсетілсін) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

тасығышта ______ (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта алу

қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы

(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Электрондық пошта ______________________________________________________________

Телефондары ____________________________________________________________________

Факс ___________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына

келіседі.

________________________________________________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны                              Толтыру күні: 20__ жылғы “__” ____________

* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.

“Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру” мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы

көрсетілсін) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

тасығышта ______ (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта алу

қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта ______________________________________________________________

Телефондары ____________________________________________________________________

Факс ___________________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр

Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекттік копрорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына

келіседі. __________                  __________________________________

(қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы “___” ____________

* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.

“Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру” мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-

сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

жүзеге асыруға (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)

толық атауы) 20___ жылғы “___” _______________ № ________________, ________________

________________________________________________________________________ берілген

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері),

берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)

берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

(керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу

қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша

(тиісті жолға Х қою қажет):

1) заңды тұлға-лицензиат “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан

Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

бірігу ____

қайта құру ____

қосылу ____

бөліп шығару ____

бөліну ____

жолымен қайта ұйымдастырылуы

2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

4) “бъектілерге берілетін рұқсаттар” класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____

5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Электрондық пошта ______________________________________________________________

Телефондары ____________________________________________________________________

Факс ___________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына

келіседі. _________                        __________________________________

(қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы “__” ____________

* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.

“Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру” мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші

________________________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

жүзеге асыруға (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

20___ жылғы “___” _______________ № ________________, ________________

________________________________________________________________________ берілген,

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні,

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта

___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай

негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______;

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______;

3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______;

4) “объектілерге берілетін рұқсаттар” класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______;

6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________;

7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта ________________________________________________________

Телефондары ______________________________________________________________

Факс _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес

келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекттік корпорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына келіседі.

____________                  _____________________________________________

(қолы)                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы “___” ______________

* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.

“Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру” мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша

 “Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы;
2) www.egov.kz, www.elіcense.kz “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: элетрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға:
Лицензиялық алым “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
1) лицензияны беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%;
3) лицензияның телнұсқасын беруге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 100%.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі, кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) жүгінген кезде: Мемлекеттік корпорацияға:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
лицензияны алу үшін ЗТ өтініші немесе лицензияны алу үшін ЖТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда, өтініш берушінің Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші немесе лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
2) порталда:
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда, өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
лицензияны қайта және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) лицензиялық алым енгізілмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
4) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге уақытша тыйым салған;
5) өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
10 Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mііd.gov.kz “Көлік комитеті” бөлімінің “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналасқан.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
“Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру” мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
6-қосымша
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе
ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты _________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Ұсынылмаған құжаттардың атауы:

1) ______________________________________________________________;

2) ______________________________________________________________;

3) …

Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.

___________________________________________      __________________

Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)            (қолы)

Орындаушы. Т.А.Ә._____________

Телефоны__________

Алдым: ______________________ __________________________________

Т.А.Ә.                              көрсетілетін қызметті алушының қолы

20 ___ жылғы “___” ___________

“Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру” мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
7-қосымша

 Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

р/с
Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: Құжаттар
1 Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламенті мен “Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар” 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобус пен (немесе) шағын автобустар жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері
2 жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері
3 автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (автомобиль көлігі саласында арнайы жоғары немесе орта білімі туралы) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері
4 автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері
5 автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері
6 автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері
7 тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрық тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері
Қызметтің атауы Құжаттар тізімі Қызмет көрсету мерзімі Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін мекеменің атауы және (немесе) «электронды үкіметі» веб-порталда көрсетілуі 
1 Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру Лицензияны Мемлекеттік корпорация арқалы алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1, 2 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

3) өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты құжаттарының көшірмелері.

Лицензияны «электронды үкіметі» веб-порталы www.egov.kz,  www.elincense.kz арқалы алу үшін:

1) порталға қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған (бұдан әрі – ЭСҚ), электрондық құжат үлгісінде сұрау салуы;

2) «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

3) өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты электрондық құжаттарының көшірмелері.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күн; 1) Мемлекеттік корпорация;

2) «электронды үкіметі» веб-порталы www.egov.kz,  www.elincense.kz.

2 Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті Мемлекеттік корпорация арқалы алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;

3) № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

5) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті портал арқалы алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;

3) № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде лицензияны беру – 10 (он) жұмыс күн; 1) Мемлекеттік корпорация;

2) «электронды үкіметі» веб-порталы www.egov.kz.

Местный исполнительный орган города Юридический
адрес
Телефон Электронный адрес
1. ГУ «Управление пассажирского транспорта города Астаны» ул. Бейбитшилик 11 8-7172-55-67-45 upt.astana@mail.ru

В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, некорректного обслуживания можно обратиться с письменной жалобой на блок «Вопрос-Ответ»

Президент Жолдаулары

Басшыға өтініш

Азаматтарды қабылдау кестесі

February 11, 2021
Қабанбай батыр даңғылы бойында автобус жолағы алынып тасталды
February 4, 2021
Нұр-Сұлтан қаласында проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі іске қосылды 
December 26, 2020
Ш. Қосшығұлұлы көшесіндегі учаскеде өткел ашық
December 20, 2020
Қаладағы көше-жол желісінің жүктемесін төмендету мақсатында ағымдағы жылдың 20-желтоқсанынан бастап Азия парк СОО-нан Қосшы бағытына қарай орамды жолға дейін
December 11, 2020
Жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгенбай батыр даңғылындағы көпірде қозғалыс ішінара жабылды
November 30, 2020
Тәуелсіздік даңғылынан арнайы айналма тасжолына дейінгі учаскеде Ұлы дала даңғылы бойынша жол ашылды
November 2, 2020
С сегодняшнего дня введен в эксплуатацию подземный пешеходный переход по ул. Айтматова